+28°C: Синоптиктер алдағы үш күнде ауа райы қандай болатынын айтты
"Қазгидромет" синоптиктері 5-7 сәуір аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Болжамға сәйкес, бұл күндері солтүстік, батыс, шығыс өңірлер солтүстік-батыс циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронталды бөліктер ықпалында болады. Соған байланысты бұл аймақтарда жауын-шашын жауады, жел күшейеді. Түнгі уақытта көктайғақ болуы мүмкін.
Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерінде күн жылы болады. Алайда таулы аудандарында жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Күндіз бұл аймақтарда термометр бағаны +20...+28 C-қа дейін жетеді.
Алматыда 5 сәуірде күн бұлтты болады, түнде ауа температурасы +14C, күндіз +24C көрсетеді. 6-7 сәуірде күн ашық, түнде +16...+18C, күндіз +26...+27 C болады.
Талқылау

"70 күннен аса жүрдік": Қытайдан Астанаға атпен жолға шыққан жас жұбайлар көпшіліктің ықыласына бөленді
Бүгінде күллі қазақ жұрты оларды желіде бақылап, біразы алдынан күтіп, қонақ етіп жатыр

"Қысқа мерзімді жеңілдіктер ұзақ мерзімді дағдарысқа ұласуы мүмкін": Сарапшылар Қазақстанда шұғыл енгізілетін шараларға қатысты пікір білдірді
Оның айтуынша, жаңа салық кодексінде әзірге айтарлықтай өзгеріс жоқ