27 жастағы келіншек Омбының “cупер келіні” атанды (фото)
Омбы өңірінде «Омбы қазақтары» қоғамдық ұйымының атсалысуымен бірінші аймақтық «Супер келін» байқауы өтті.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған сұлулық пен ұлттық дәстүр байқауы үш кезең бойынша өрбіді. Әр кезең сайын ошағының ұйытқысы әрі енелерін құрмет тұтатын арулар бақ сынап, қатаң іріктеуден өтіпті. «Омбы қазақтары» қоғамдық ұйымының төрайымы Торғын Әшенованың айтуынша, байқауда бақ сынаған келіншектердің барлығы үздік атануға лайық.
«Ақтық сынға жолдама алғандардың барлығы – жас аналар. Арасында бес бала тәрбиелеп жатқан жандар да бар. Олардың қатарында жеңіл атлетикадан спорт шебері, қолөнер шеберлері, күміс көмей әншілер де болды. Ең бастысы, олар – қазақ халқының бетке ұстар келіндері, ошақтарының ұйытқысы, үлгі тұтар әйелдер. Біздің мақсатымыз қазақ қыздарының тек бала тәрбиесімен шектеліп қалмай, қоғамның дамуына сүбелі үлесін қосуға атсалысып жатқандарын дәлелдеу», – дейді Торғын Әшенова.
«Байқауда келіндеріне енелері де қолдау көрсетті. Конкурстың қорытынды кезеңінде келіндер шығармашылықтарын паш етті. Өнерлері арқылы қазақтың ұлттық дәстүрлерін білетінін паш етіп, ұлттық құндылықтарды кеңінен насихаттауға барын салды. Шара барысында, тіпті, қатысушылардың бірі енесімен татуласып, баршаға үлгі болды», – дейді Торғын Әшенова.
Байқау қорытындысы бойынша 27 жастағы ана Салия Днищева жеңімпаз атанды. Мамандығы экономист әйел – екі бала тәрбиелеп жатқан бақытты жан.
Жіберіп алмаңыз:
Еліміздің 8 облысында үсік жүреді
“ЭКСПО-2017”-ның миллионыншы билетінің иесі: Астанадан хабарласқанда, әзіл деп ойладым