26 сәуірден бастап ХҚКО кейбір қызметтерді тоқтатады
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы Қазақстанда 26 сәуірден бастап бірқатар қызмет түрі тоқтайтынын хабарлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Басты себеп – "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" жаңа ақпарат жүйесіне көшу.
“Қағаз жеткізгіштерде қызметтің орындалуы, әрі құжаттарды жеткізу мерізімінің ұзақтығына байланысты ХҚКО-ларда көрсетілетін қызметтерді қабылдау eGov.kz-тен бұрын тоқтатылады. Айта кетейік, қызметке 26 сәуірге дейін тапсырыс берген азаматтар нәтижені көрсетілген мерзімде ала алады”, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар, биыл 2-9 мамыр аралығында eGov.kz порталы арқылы жылжымайтын мүлікті ресімдеуге әрі техникалық тексеруге құжаттарды онлайн қабылдау, нотариустар, салық жүйелері арқылы, екінші деңгейдегі банктер және ҚР Әділет министрлігінің атқарушы органдарының жүйелері бойынша қабылдау тоқтатылатынын атап өтеміз. Одан бөлек, көрсетілген кезеңде азаматтар тұрғын үй бағдарламаларына байланысты қызметтерді пайдалана алмайды.
"Жаңа жүйеге көшу мереке күндері ұйымдастырылады. Айта кетейік, ЖМБМК-ға көшу кезінде жер учаскелерін ресімдеуге байланысты барлық өмірлік жағдай кезең-кезеңімен цифрланады. Одан бөлек, мемлекеттік қызметтердің барлық спектрін көрсету, оның ішінде жаңа және қолданыстағы учаскелер бойынша түзету енгізу мүмкіндігі көзделген. Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық қаупіне жол бермеу мақсатында жер учаскелері мен жылжымайтын мүлікті ресімдеуі заңнама тұрғыда қарастырылатын болады", - деді, Мемлекеттік корпорацияның Басқарма Төрағасы Сүйеніш Әбділдин.
"Мәйітін алып келуге 2 апта кетеді": Вьетнамға қызымен демалуға барған қазақстандық әйел көз жұмды