22-ші қабаттан құлаған оқушы ғаламаттың күшімен аман қалды
Мәскеудегі Бирюлево Восточное ауданындағы көпқабатты үйдің 22-қабатының балконынан құлаған 8-сынып оқушысы тірі қалды. Қазір дәрігерлердің бақылауында. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері қыздың қалай құлағанын анықтауда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Төтенше жағдай 29 қаңтарда Мәскеудегі Загорьевская көшесіндегі көп қабатты үйлердің бірінде болған.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлерінің мәліметінше, сегізінші сынып оқушысы балконнан балконға көтерілуге тырысқан. Осы кезде қыздың қолынан құрбысы ұстап, сақтандырып тұрған. Бірақ қиын сәтте қызды құтқарып қалуға оның күші жетпеген.
- Апалы-сіңлі екі қызды 8-қабаттағы балконнан лақтырып жіберген: Қызылдағы оқиғаның мән-жайы белгілі болды
- 6 күн бойы жүрегі соқпай қалған қыз бала ғажайыптың күшімен тіріліп кетті
Алайда биіктікке қарамастан, жасөспірім қыз ғаламаттың күшімен ауыр жарақаттардан аман қалған, қазір ол Филатов ауруханасында дәрігерлердің бақылауында екен.
Полицейлер мектеп оқушысын қауіпті әрекетке баруға не мәжбүр еткенін анықтап жатыр. Кейбір мәліметтер бойынша, қыз психиатрдың есебінде тұрған.
Мамандар шәйнектегі қақ пен су сапасының байланысын түсіндірді: Шөгінділерге алаңдамауға кеңес берілді
Тау өзендерінен алынған су тұтынушыларға жеткізілгенге дейін 10-15 сағат тазартудан өтеді
"27 рет көзіме шөп салып, бауыздамақ болды": Шымкенттік әйел бастан кешкен сұмдық оқиғасын айтты
Басын кесіп, көшеге тастамақ болған