Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"212 миллион теңге": Бағлан Әбдірайымов киносына кеткен шығынды есептеді

“Жігіттер” тобының әншісі, актер Бағлан Әбдірайымов көрерменге жол тартқан “Қарыз” фильміне кеткен шығынды “Өзіміз ғой” подкастында айтып берді. 

Фото: Подкастан скриншот

Құмар ойынға тәуелді болған жігіттің бастан кешкен оқиғалары баяндалатын фильмнің айтар ойы бар. 

"Фильмді 20 млн теңгемен бастадық. Алға қойған жоспар да жоқ. "Жігітті намыс, қоянды қамыс өлтіреді" деп, тәуекелмен жасалды. Адам бір-ақ рет өмір сүреді. Дәм-тұзың таусылар шақта жастық шағында істемеген тәуекелің, әттеген-айың іште қалып кетеді екен. Ертең жанымды жеп қоймас үшін, қорқақ адамның рөлінде қалып кетпес үшін намыстанып, Аллаға 100% тәуекел етіп, кино бастадық. Фильмнің шығыны қазір 212 млн теңгеге тоқтап тұр", – деді актер. 



Сонымен қатар әнші екінші фильмге неліктен көп шығын жұмсалғанын түсіндірді.

"Ал фильмнің бірінші бөліміне 148 млн теңге кетті. Екінші фильмді түсіруге 20 млн теңге бар. Сценарий үш айдай жазылды. Фильм түсірілімі 38 күнге әрең сыйды. Әр отбасы көруі керек. Күнделікті тұрмыста байқалмаған әйел мінезі қиындықта батырлық сипат алады. Отбасы шайқалып тұрғанда әйелдің рөлі қандай? Қыздың жаны нәзік болғанымен, әкесін қорықпай кез келген сәтте құтқара алатынын көрсеткенбіз. Жауапсыз еркектің әрекеті тек отбасы емес күллі әлемді ластайды. Түптің түбінде жалғыз қалатынын түсінген еркек не істеуі керек? Жауабы кинода”, – деді Бағлан Әбдірайымов.

Еске салайық, Бағлан Әбдірайымов асылтұқымды сәйгүлігінен айырылып қалғанын жазған едік. 

Талқылау