2025 жылдан бастап елімізде медициналық анықтама электронды нұсқада беріледі
Қазақстанда 2025 жылдан бастап жеке медициналық құжаттарды беру, есепке алу және жүргізу электронды форматқа көшеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com
Денсаулық сақтау министрлігі бұл қазақстандықтардың қаржысын үнемдеуге мүмкіндік береді деп есептейді.
Министрліктің айтуынша, цифрлық форматқа көшіру денсаулық туралы анықтамалардың бұрмалануын жояды. Енді асхана мен, дәмханалар, мейрамхана, балабақшалар мен мектеп қызметкерлері медициналық тексеруден өткені туралы жалған мәліметтер бере алмайды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, бүгінде елімізде 1,6 миллион қазақстандықтың жұмысқа қабылданғаны туралы белгісі бар жеке медициналық кітапшалары бар, оның ішінде:
- қоғамдық тамақтандыру саласында – 780 мың;
- білім беру саласында – 550 мың;
- денсаулық сақтау саласында – 272 мың;
- жеке секторда – 52 мың.
Еске салсақ, бұған дейін елімізде сегіз медициналық анықтама электронды нұсқада берілетіні айтылды.
Алматыда 7 жастағы баланы сарышаян шағып алған: Ауруханада оған қарсы вакцина табылмады
Алматы қаласында мектеп оқушысын сарышаян шағып алды.
Канье Уэсттің концертіне 280 мың теңгеге билет алған қазақстандық кейін арзан билеттердің пайда болғанына наразы
Freedom Афиша: "280 мың теңгенің бөлек баға санатына кіреді, ал 120 мың теңге – трибунадағы басқа жерде орналасқан орындардың баға санаты"