Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2022 жылы Маңғыстауда мал шаруашылығына 580 миллион теңге субсидия бөлінді

2022 жылы Маңғыстауда мал шаруашылығына 580 миллион теңге субсидия бөлінді. Бұл туралы бүгін, 30 маусымда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

2021 жылы қуаңшылыққа байланысты ауыл шаруашылығында жем-шөптің бағасын тұрақтандыру мақсатында бюджеттен 2,1 млрд теңге бөлінді, мал азығын қолжетімді бағамен сату бойынша жұмыстар бүгінгі күнге дейін жалғасуда.

Сонымен қатар, биыл да Үкімет резервінен 664 млн.теңге бөлініп, 314 шаруа қожалығына және 2711 қосалқы шаруашылығына барлығы 414 млн. теңге көлемінде көмек көрсетілді.

Биыл ғылыми негізделген көпжылдық екпелі шөптерді өсіру мен жайылымдарды тиімді пайдалану технологиясын енгізу арқылы 3 инновациялық жоба іске асырылуда. 

Атап айтқанда:

Жаңа технологиялар қолдану арқылы көпжылдық екпелі шөптерді өсіру бағытында 2 жоба және геоақпараттық жүйе технологиясын пайдалану арқылы жайылымдардағы су қорын басқаруға қатысты 1 жоба. Бұл жобалар өңірдегі мал шаруашылығы саласының дамуына оң әсер етеді деп күтілуде. 

Мал шаруашылығын дамыту мақсатында биыл 580 млн.теңге көлемінде субсидия бөлінді, бүгінгі таңда 110 шаруа  қожалық жем-шөптің өзіндік құнын төмендету үшін 180 млн. теңге сомасында субсидия алды. 

Сонымен қатар, инвестициялық субсидияларға республикалық бюджеттен 1,4 млрд теңге бөлінді, соның нәтижесінде 88 агроөнеркәсіптік кешені субъектісін қаржыландыру жоспарланып отыр. 

Биыл өңірде 1003 гектар көкөніс пен бақша дақылдары егілді, нәтижесінде 22 мың тонна түрлі өнім өндіру жоспарлануда.

Осы жылы ауылшаруашылығы саласында жалпы құны 2,3 млрд. теңге болатын 8 жоба жүзеге асырылады (азық-түлік сақтау қоймасы, ет өңдеу комбинаты, ет өнімдерін консервілеу, шағын құс фермасы және  4 жылыжай кешені). Нәтижесінде  257 жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. 

Талқылау