"20 жылдан бері тыңдайды": Карина Абдуллина егде жастағы тыңдарманының арманын орындады
Әнші Карина Абдуллина егде жастағы кісінің арманын орындады. Марат есімді тыңдарманы әншіні 20 жылдан бері сүйіп тыңдайды екен. Ол Абдуллинамен кездесіп, суретке түсуді армандаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Бұл кісінің есімі Марат. Бүгін мен тойда өнер көрсеттім, ал ол қонақ болып келді.
Менімен суретке түсуді қалады. 20 жылдан бері менің әндерімді тыңдайтынын айтты, ал бүгін оның арманы орындалды.
Шығармашылық адамы үшін бақыт деген осы емес пе? Баршаңызға махаббаттарыңыз үшін алғыс білдіремін", – деп жазды әнші желідегі парақшасында.
- Төреғали Төреәлінің жары: Бір кездері өзімді тек тірлік істеп, бала туатын адам ретінде сезінетінмін
Желі оқырмандары көзсүйсінерлік суретке тәнті болып, жылы лебіздерін білдірді.
"Қандай бақытты жан. Карина, суретте өнеріңізге шын ғашық фанатыңыз сізге жылы жүзбен қарап тұр. Бүгінгі сурет – ертеңгі тарих", – деп пікір білдірді желі қолданушыларының бірі.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты