20 жастағы қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің рекордын жаңартты
Қарағанды облысының тумасы ауыр атлет Артем Антропов аяқты алшақтата серпу бойынша Қазақстанның жаңа рекордын орнатты, деп хабарлайды ҚР Ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме беріп Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан чемпионатында 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін Антропов 216 келіні көтерді. Нәтижесінде ол 373 (157+216) килограмм мөлшерінде алтынға ие болды.
Аяқты алшақтата серпу бойынша елдің бұрынғы рекорды Илья Ильинге тиесілі болды.
Бұл салмақта 305 (135+170) келі нәтижесімен Рахат Бекболат (Қызылорда облысы) екінші орын алды. Үшінші орынға 257 (115+142) келіні көтеріп Алексей Литвченко Алексей (Қарағанды облысы) жайғасты.
Қазақстанда киіз үй бағасы 200 мыңнан 1,8 миллион теңгеге дейін: Оны кімдер сатып алады?
"Өзін құрбан ету үшін "айналайын" деп дауыстаған": Қазақтың қандай салт-дәстүрі мен ұғымдары ұмыт болды
Тарихшы: "Ауру адамды киіз үйдің ортасына жатқызып, қарт кісі үш рет айналып, есікке келгенде “айналайын” деп дауыстайды"