"20 минутта 60 мың теңге": Алаяқтар қазақстандықтарды WhatsApp арқылы алдап жүр
WhatsApp мессенджерінде қазақстандықтарға күніне небәрі 20 минут жұмыс істеп, 60 мыңнан жоғары табыс табуға болады деген ұсыныспен хабарламалар тарауда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Таратылған хабарламада бар болғаны телефон арқылы сөйлесу керек, оған арнайы тәжірибенің керегі жоқ делінген.
Сондай-ақ мәтінде бос орынға қосылуға шақыратын сілтеме де көрсетілген.
Сілтеме пайдаланушыларды WhatsApp мессенджерінің чатына бағыттайды, онда сұхбаттасушы өзін Уилсон және Сонс деп таныстырады.

Фото: Stopfake.kz
Stopfake.kz порталы атап өткендей, мұндай жұмыс ұсыныстарына сену тәуекелге әкеледі. Өйткені мұндай жарнамалар көбінесе жалған және алаяқтық болып табылады.
Бірақ компаниялардың ресми сайттары мен олардың әлеуметтік желідегі парақшаларында Қазақстанда қашықтан жұмыс істеуге қызметкерлер жинап жатқаны туралы айтылмаған.
Талқылау
"Халыққа құрметсіздік танытты": Танымал қазақстандық бренд "Борат" образын қолданғаны үшін сынға қалды
"Борат" Қазақстан қоғамы үшін бұрыннан даулы әрі сезімтал тақырып
Желіде шетелге шыққан қазақстандықтарға сыйақы ұсынатындар көбейген: Мұның артында не тұр
Ведомоство мұндай жағдайлар жауапкершілікке әкелетінін ескертті