Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Сәуле Әбединова: Арман Шораев әрқайсымыздан 10 миллион теңге талап етіп отыр

Алматыда белгілі кәсіпкер, қазан айына дейін Қазақ күресі ұлттық федерациясының президенті болған Арман Шораевтың шағымы бойынша сот отырысы басталды. Бірнеше жыл «Қазақстан барысы», «Әлем барысы» жарыстарын ұйымдастырған танымал тұлға белгілі заңгер, елдегі ең шулы сот істерінде адвокат болған Абзал Құспан мен қоғам белсендісі, журналист Сәуле Әбединованы сотқа берген. Ар-намысыма, беделіме нұқсан келтірді деген Арман Шораев екі азаматтан 10 миллион теңгеден талап етіпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

 

10желтоқсан күні Алматының Жетісу аудандық сотының алдына көп адам жиналыпты. Олар - танымал адвокат Абзал Құспан мен қоғам белсендісі Сәуле Әбединованы қолдаушылар. Сот ісіне қатысты бар үш азамат та Қазақстанға белгілі тұлғалар.  Арман Шораевтың шағым түсуіне Әбединованың Құспанға берген видеосұқбаты себеп болған. Онда адвокат бірінеше ай бойы соты болып жатқан Ислам Әбішов пен Серік Түкиевтің ісіне қатысы болуы мүмкін деп Арман Шораевты да атаған.

Ал Абзал Құспанның айтуынша, сол сұқбаттан кейін Шораевтың тарапынан бұдан өзге бірнеше шағым түсіпті. 

"Бұл мәселе бойынша мені қазіргі таңда салық органдары тарапынан тексеру жүріп жатыр. Аталған жағдайға байланысты Шораев әділет министрлігіне екі рет арыз жазды. Әділет министрлігінің тарапынан да тексеріс жүргізілуде. Оған қоса ол БҚО-ның адвокаттар алқасына шағымданды, олардың тарапынан да екі тексеру тағайындалды", - деді адвокат Абзал Құспан. 

Талай сот ісінде қорғаушы қызметін атқарған едім, енді тұңғыш рет жауапкер болдым деген Құспан соттың өзі тұратын Орал қаласында емес, Алматыда өтуінің өзі заңға қайшы дейді. 

Жыл басынанбері көпбалалы аналардың мәселелерін көтеріп, белсенділік танытып жүрген мен сұқбат алған адвокат тікелей эфирде не айтатынын алдын ала білмеген едім. Сондықтан ол айтқан дерек бойынша мені жауапқа тарту негізсіз дейді. Сонымен қатар журналист Арман Шораевтың екі азаматтан 10 миллион теңгені талап етуі тіпті ақылға қонбайтынын айтты. 

"Мысалы, Арман Шораев 10 миллион теңге талап етіп отыр. 10 миллион теңге түгіл менің 10 теңгем жоқ. Мен өзімді айыптымын, кінәлімін деп санамаймын. Кез келген адам, я болмаса Шораевтың өзі келіп, "жоқ, мен Құспанның сөзімен келіспеймін, оның сөзін жоққа шығарымын" десе мен ол азамамтты да тыңдайтын едім", - деді Сәуле Әбединова.

Қос жауапкерді бес адвокат қорғайды. Сәуле Әбединова 5 қорғаушыға да істі қарайтын судьяға да сенетіндігін айтты. Шағым орысша түскендіктен сот отырысы орыс тілінде өтетін болды. Ал Арман Шораев сотта құқығын қорғайтын өкілді өзі таңдапты. Сотқа қатысқан заңгер қылмыстық іске Шораев еш қатысы жоқ дейді. 

"Қылмысқа тартылды деп,осындай ақпаратты жариялағаны Шораевтың намысын келтірді. Оның қылмытық іске мүлдем қатысы да жоқ. Сол себепті өзінің абыройын қорғауға міжбүр болып отыр", - деді А. Шораевтың заңды өкілі Жандарбек Ожаров. 

Заңгер 10 миллион теңге жайлы сөз қозғады. Сөзінше, әркімнің ар-намысын бағалауы өзіне байланысты. Ал алғашқы сот отырысынан кейін, судья келесі сот жиынын 2020 жылдың 6 қаңтарына белгіледі. 

 

Талқылау