Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

2 миллиард теңге залал келтірген: "Samruk-Kazyna Construction-ның" басқарма мүшесі ұсталды

"Samruk-Kazyna Construction" АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Боранбай Болатбеков ұсталды. Ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланып, мемлекетке 2 миллиард теңге залал келтірді деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото "Samruk-Kazyna Construction" сайтынан

Kozachkov offside телеграм арнасының мәліметінше, Боранбай Болатбековтың Шымкентте энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы болып жұмыс істеген кезеңде жасалған іс-әрекеттері күдікке ілінген.

“Атап айтқанда 2021 жылы Шымкент әкімдігі қаланың сыртқы жарықтандыруын қайта құру және салу бойынша мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шартын жасасқан. "ABM-Building" ЖШС Шымкент көшелеріне жарқ қоюға кіріскен. Олар бағаналар, шамдар және басқаларын өз есебінен ауыстыруға міндеттеме алды. Ал энергетика басқармасы шығындарды бизнес үшін пайдамен жұмсауға мәжбүр болды. 2021 жылдың наурызынан 2023 жылдың қыркүйегіне дейін мемлекеттік орган жеке фирмаға 4 миллиард теңгеден астам қаражат аударған.

Қаржы мониторингі агенттігі осы шығындарды тексере келе сандардың сәйкес келмейтінін байқаған. Сот-құрылыс-экономикалық сараптамасы көрсеткендей, бизнес-серіктес ақшаны алғанымен, 500-ге жуық баған мен 800-ден астам шам орнатпаған. Шамамен 7 мың метр кабельді тартуды ұмытып, 2800 бақылау жүйесінен айырылды. Бұл тауарлардың барлығы 673 миллион теңге тұрса, бюджетке 629 миллион шығын әкелген”, – делінген басылым жазбасында.



Деректерге сай тергеуде сонымен қатар жобалау-сметалық құжаттамада тым қымбат жоғары бағалардың көрсетілгені анықталған. Мысалы, бір датчик-бақылаушы жеткізушіден 82 мың теңгеге сатып алынған. Ал оның негізгі құны – 8 мың теңге. Осылайша оның 7700 данасы қажет болған.

Барлық жұмыс пен техниканың жалпы залалы 2 миллиард теңгеге бағаланып отыр. Энергетика басқармасы тарапынан қағаздарға Боранбай Болатбеков қол қойған. Сондықтан оған айып тағылып, ұсталды.

Дегенмен ол "Samruk-Kazyna Construction" сайтында әлі де Басқарма мүшесі, басқарма төрағасының пайдалану жөніндегі орынбасары қызметінде.

Талқылау