180 мың теңге үшін өлтірген: Түркістанда айуандықпен өлтірілген мұғалім қазасының мән-жайы
Түркістанда із түссіз жоғалып кеткен келіншектің денесі табылды. Екі баланың анасын такси жүргізушісі айуандықпен өлтіріп, қамыс арасына жасырып кеткен. Сөйтіп өзі марқұмның ұялы телефоны мен қалтасындағы 180 мың теңгесін иемденген.
Сезіктіні қолға түсіруге марқұмның ұялы телефоны себеп болған көрінеді. Ол қылмыстық оқиғаның ертесіне әлгі телефонды қаладағы сауда нүктелерінің біріне сатып жіберген. Сол кезде сатушы байланыс құралының ұрланбағанына көз жеткізу үшін күдіктінің өзін ұялы телефонға түсіріп алған. Міне осы арқылы сезікті көп ұзамай ұсталд, деп хабарлайды Евразия арнасы.
«Қызымның мәйітін өзім көрдім. Айуандықпен өлтірген. Адам шошырлық күйде. Бет ауызы көгеріп кеткен. Тек денесінің төменгі жағынан ғана таныдым» – дейді марқұмның әкесі Жақсылық Жұмабеков.
24 жастағы келіншек қаладағы мектептің бірінде мұғалім болған екен. Сол күні ол ата-анасының банкоматтағы ақшасын әкеп беру үшін үйден шыққан. Алайда қайта оралмады. Оның соңында шиеттей екі баласы қалды. Бүгінде қос бүлдіршін нағашыларының қолында тәрбиеленіп жатыр. Ал күдікті қамауға алынды. Оған қатысты қылмыстық іс қозғалды. Дегенмен марқұмның туыстары кінәлі азаматтың қатаң жауапқа тартылғанын қалайды.
«Адам өлтіргеннің бәрі жүр ғой сыртта деген сияқты адам әңгіме айтқанда жүрегің қалай ауырмайды. Сонда 200 мың теңге үшін қызды айуандықпен өлтіріп отыр. Кешіре салуымыз керек екен, қалай кешіреміз» – деп ашынады марқұмның туысы Раушан Сейілбекова.
Тағы да оқыңыз:
2018 жылы бір жасқа дейінгі бала күтiмiне қатысты жәрдемақының мөлшері белгілі болды
Шоқыну мерекесін православие қауымынан асып тойлайтын қазақтар елді ашуландырды