Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"18 жыл алдына адам салған жоқ": Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртасты "той әншісі" дегендерге жауап берді

Танымал шоу-бизнес өкілі Гүлзира Айдарбекова ұлы Қайрат Нұртасты “Той әншісі” деп сынайтындарға жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Өнер иесі Шымкент қаласындағы болған тойға жалғыз Қайрат Нұртас шақырылғанын мақтанышпен жеткізді. 

“Шымқаламдағы ерекше той. Ерекше болғанда да қызық той болды. Біздің отбасын қатты жақсы көретін әулет ғой деймін, қызды тойға кіргізу және шығарып салу маған жүктелді. Тойдың ортасында ән айту үшін Нүрекең екеуіміз және Қайрат баламыз шақыртылды. Басқа әншілер болмады. Біз де бұл отбасының бізге деген құрметін сезініп, қолымыздан келгенше, тойдың басынан аяғына дейін ат салыстық. Ұзатқан қызымның қолын ұстағанымда, саусақтары дірілдеп тұрғанына және анасын қимады ма, кеудеме басып едім жылап қалды. Оған қосыла өзім де толықсып жылап алдым. Іштей осы қызымның да үлкен әулетті отбасына айналуын тілеп жүретіндей ойымда қалып қойды. Алла жастарға бақ берсін! Қазақ елінде, әрбіріңіздің шаңырағыңызда, дүркіреген той болсын!”, – деп жазды продюсер. 



Желі қолданушылары Қайрат Нұртастың сахнадан гөрі тойға жиі шығып кеткенін сынады. Алайда әншінің анасы оқырмандарын орнына қойды. 

“Той әншісі” деп қанша мұқатсаң да, тура Қайрат сияқты әлі ешкім 18 жыл бойы алдына адам салмай бүкіл концерті аншлагпен өткен жоқ. Бүкіл әні хит, өзегің күйіп бара жатса да, шыны – сол. Қайраттай болып алшы, еркек басыңмен өсек теріп, анаңдай адамды қатынша мұқатуың қатын тәріздес мінезіңді дәлелдеп тұр. Менің ұлдарым ешбір әйел адамға бұлай жазбас еді. Одан кейін неге керексіз жерге тұмсығыңды тығып маған қадалып отырсың, жай ма сенікі?! Ұнамасам, ұнайтындарды оқып отыра берсей. Менен мін іздеп әлек болма! Дәл сен елге де, маған да, ақыл айтпай-ақ қойшы?! Күндес адамдай ұрыс іздеп отырсың ғой. Өз өміріңмен алысшы, менің әрбір сөзімді аңдымай”, – деп ашуланды Гүлзира Үсенқызы. 

Еске салайық, "Жылап отыратын қатын мен емес" деп Гүлзира Айдарбекова "Қайрат пен Жұлдыздың арасы суып кетті" дегендерге жауап берді. 

Талқылау