Енді балалар TikTok желісін күніне тек 1 сағат пайдалана алады
18 жасқа толмаған балалардың TikTok желісін пайдалану уақыты шектеледі. Бұл туралы TikTok-тың ресми сайтында жарияланды деп хабарлады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Жақын арада 18 жасқа толмаған қолданушылардың TikTok желісінде отыру уақыты қысқарады.
“Енді 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер желіде күніне 60 минут қана отыра алады. 1 сағат өткеннен кейін арнайы құпиясөзді сұрайды. Егер баланың жасы 13-тен кіші болса, TikTok желісін 1 сағаттан ұзағырақ көру үшін құпиясөзді ата-анасы жазуы керек болады. Бұл жағдайда әлеуметтік желі қосымша 30 минут көруге рұқсат береді”, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар балаға жауапты адам күніне қанша минут шектеу керегін өзі енгізуге мүмкіндігі бар.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды