"Минус 18 градусқа дейін аяз": Синоптиктер алматылықтарға алдағы күні қар жауып, көктайғақ болатынын ескертті
Синоптиктер Алматы тұрғындарына аяз бен көктайғақ болатыны туралы ескертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Cурет pexels-тен
"Қазгидромет" болжамына сәйкес, 9 желтоқсаннан бастап Алматыда ауа температурасы минус 18 градусқа дейін төмендеп, қар жауып, жел күшейеді. Жолдар мен жаяу жүргіншілер жолында көктайғақ болуы мүмкін.
Жүргізушілерге қысқы маусымда жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау да ескертілді. Соның ішінде:
- қашықтық пен бүйірлік аралықты сақтау;
- қолайсыз ауа райы жағдайларын ескере отырып, жылдамдықты шектеу;
- жол белгілерінің нұсқауларын қатаң сақтау;
- маневр жасауға және кенет тежеуге тыйым салу.
Жаяу жүргіншілерге қырағы болу да ескертілді. Жолды кесіп өтер кезде көліктердің тоқтағанына көз жеткізген жөн.
2025 жылы болған басты саяси оқиғаларға шолу: Қазақстанда не өзгерді
Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына тоқталдық
Желіде қазақстандықтарға төсбелгілер 350 мың теңгеден сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады
“Намыс” және “Батыр Шапағаты” төсбелгілерінің эскиздерін әзірлеген Бақытбек Смағұл төсбелгілерді алаяқтар сатып жүр дейді