1,5 миллион теңгеге бағаланған: Ақтөбелік азамат әскери танкіні темір-терсекке өткізіп жіберген
Ақтөбелік тұрғын әскери техниканы темір-терсек қабылдайтын орынға ешқандай құжатсыз 1 миллион 500 мың теңгеге өткізіп жіберген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның "Информбюро" жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Т-34 маркалы танкінің иесі алғашында техниканы өзіне жол талғамайтын көлік жасау үшін алған екен. Кейін ойы өзгеріп, оны сатып жібермекші болады.
Ал әскери полицейлер Т-34 - тің 2011 жылы Ақтөбедегі әскери бөлімдердің бірінен есептен шығарылғанын айтты. Ең қызығы, танк заң бойынша арнайы мекемеде утилизациядан әлі өтпеген болып шықты.
Қазір әскерилер техниканы күзетке алғандарын және жағдайды толық тексеріп жатқандарын айтады.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр