"14 жыл біргеміз": Аиша Бүркітті туған күнімен ерекше құттықтады
Танымал дуэт Бүркіт пен Аишаның шаңырақ көтергендеріне – 14 жыл. Бүркіттің туған күніне орай Аиша жантебірентерлік жазба жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/berkut_aibekjan/
Өнер иесі күйеуінің адами қасиеттеріне тоқталып, ризашылығын білдірді.
"Құрметті менің күйеуім. 14 жыл бойы сенің туған күніңді бірге тойлап келеміз. Осы уақытқа дейін екеуміз жақын жандарға айналдық. Жыл сайын бір-бірімізге жақындай түскенімізге қуанамын. Біз барлық мәселені бірге шешіп, бірге қуануға тырысамыз. Жалпы бірге көп дүние жасаймыз. Мен осының барлығы үшін саған рақмет айтамын. Сенің барыңа шүкір айтамын, өйткені мен сенен көп дүние үйрендім. Өзімде жоқ жақсы қасиеттерді сенен байқадым. Соның арқасында қазір жауапты әрі мейірімді, жақсы адам болуды үйреніп келемін. Мен әрдайым сенің қасыңдамын. Мен әрдайым сені қолдаймын және сүйемін", – деп жазды әнші.
-
"14-16 жастағы балалар жазасын өтеп жатыр": Әнші Бүркіт түрмедегі жастармен кездесті
-
"Өзім әлсіздік таныттым": Бүркіт Аишаның не себепті қазақша сөйлемейтінін түсіндірді
Айта кетейік, Аиша Бүркітке неліктен тұрмысқа шыққысы келмегенін айтқан еді.
“Екеуіміз шаңырақ көтергенімізде Айбек 36 жаста еді. Менің оған тұрмысқа шыққым келмеді. Мен оның өзіне де айтқам. Айбек маған үйленем деп шешім қабылдап қойған екен. Ол мені жібермей қинады. Мен де қиналдым. Бір шешімге келу үшін дұға еттім. Алла мені бағыттап, Айбекке жіберді. Біз тез үйленеміз деп шешім қабылдап, ешкімге айтпай некемізді қидық. Ата-аналарымызға кейін айттық. Олардың келіспеске амалы қалмады. Мен не істесем де, бәрін анаммен ақылдасатынмын. Өмірімдегі ең маңызды шешімді анама айтпай, өзім қабылдадым”, – деген еді өнер иесі.
Еске салайық, бұған дейін Бүркіттің жары Аиша “Мәдениет саласының үздігі” төсбелгісімен марапатталған еді.