"14 сағат бойы жанған": Ядролық отыны бар сүңгуір қайық өртеніп кетті
Француp Тулонының Перле ядролық сүңгуір қайығында орын алған өрт 14 сағаттан кейін өшірілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.

Бұл туралы Францияның қорғаныс министрі мәлімдеді. Оның айтуынша жерасты көлігіндегі өрт дер кезінде сөндірілген.
"14 сағаттық өрт сөндіру жұмыстарынан кейін түнге сағат 00:50-де өрт сөндірілді. Перле суасты қайығында өрт шықты. Оған 100 азаматтық және әскери өрт сөндірушілер қатысып, оларға шамамен 150 адам көмектесті. Барлығыңа рахмет. Бүгін таңертең мен Тулонға барамын", - деп жазды Қорғаныс министрі Флоренс Парли Twitter-де.
Сүңгуір қайықтың тұтануы бір күн бұрын жөндеу жұмыстары кезінде болған. Өрттен зардап шеккендер жоқ.
Өрт шыққан кезде сүңгуір қайықта ядролық отын болмаған.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды