Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Лотереядан 130 миллион теңге ұтқан қазақстандықтар ақшасын алып кетуге келмеген

Жеңімпаздар алты ай ішінде келмесе, барлық талап етілмеген ұтыстар мемлекеттік бюджеттің кірісіне есептеледі. Бүгінде бұл сома 130 миллион теңгеден асады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ОКҚ

Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаевтың өткен жылдың қорытындысы бойынша барлық лотерея өнімдерінің жүлде қоры 305 миллиард теңге болғанын айтты. Бұл ретте лотерея операторларының жалпы айналымы 356 миллиардқа жетті. 

Шенеунік сонымен қатар лотерея жеңімпаздарының көбі, шамамен 90%-ы инкогнито болып қалуды және сұхбат бермеуді таңдайтынын айтты.

"Қазақстандықтардың ұтыс ұтқаны туралы жиі естімейміз. Өйткені лотерея жеңімпаздарының көбі инкогнито болып қалғысы келеді, сұхбат бермейді, фотосессиялардан бас тартады және ұтыс сомасы мен олардың жеке деректері жария етілген жағдайда сотқа беремін деп, жариялаудан қашады. Адамдар ұтып алуға келген кезде бетперде мен көзілдірік киіп келген жағдайлар болды. Олар өміріне қауіп төне ме деп қорқады. Басқалар қарызға ақша сұрайды деп айтқысы келмейді, – деп атап өтті Мирас Төлебаев ОКҚ брифингінде.

Ал жеңілгендер лотерея операторына жаппай ақпараттық шабуыл және министрлікке шағым түсіреді.

"Әрбір шағым бойынша мәселені заң шеңберінде медиативтік тәртіппен шешуге тырысамыз. 2023 жылы осындай 36 шағым болды", – деп толықтырды Мирас Төлебаев.

Туризм және спорт министрлігі лотерея терминалдарының жұмысын жандандыруға рұқсат бермес бұрын, олардың түрін өзгертуді көздеп отырғанын айтқан едік.

Талқылау