Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"13 жыл бірге тұрдық": Күйеуімен ажырасып кеткен келіншектің енесімен қарым-қатынасы көпшілікті сүйсінтті

“Тату-тәтті” жобасының қатысушылары Жәния және Сәбира Нақысбековалар – ене мен келін. Жас келіншек күйеуімен ажырасып кетсе де, енесімен жақсы қарым-қатынаста қалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: https://www.instagram.com/zhania_nakis/ 

Сәбира Нақысбекова "1001 түн" телебағдарламасына берген сұхбатында бұрынғы енесін "туған анасындай" көретінін жасырмады. Келіннің айтуынша, 16 жыл тұрмыста болған. Енесімен 13 жыл бір шаңырақ астында өмір сүрген. 

“Қазір енеммен бірге тұрмаймыз. Мен күйеуіммен ажырасқаныммен, енеммен ажырасқан жоқпын. Өйткені менің енем туған анам секілді болып кеткен. Мен туған анаммен 20 жылдай бірге тұрдым. Ол кісі маған тәрбие берді. Содан кейін тұрмысқа шығып, енеммен 13 жыл бір шаңырақ астында тұрдық. Мен тұрмыста 16 жыл болдым, осы уақыт аралығында енем "мамам" секілді болып кеткен, сондықтан мен оны анам деп білемін. Біздің қарым-қатынасымыздың осылай нығайып, жақсы болғанына бірінші кезекті енемнің ақылы себеп деп ойлаймын. Себебі ол өте ерекше адам, саналы ене", – деді Сәбира Нақысбекова.



Ене мен келіннің ара-қатынасы көптің ыстық ықыласына бөленді. Желі қолданушылары жылы лебіздерін білдіріп жатыр. 

“Қандай керемет кісілер! Менің де енем осындай болса екен", "Сіздерді қатты жақсы көремін", "Бәріміздің енеміз осындай болсын", "Сіздерге қарап тамсанамын", "Екеуіңіз де сондай сүйкімдісіздер, шын айтамын, мейірім шашып тұрсыздар", "Алтын ене", "Енесі жақсы кісі болып тұр ғой. Жарайсың үлкенді сыйласаң жаман болмайсың, ақылды келіншек екен. Ерден кетсең де, елден кетпейсің деген", – деп жазды олар.

 

Талқылау