Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“10 жас айырмашылық па?” Желіде Айя Шалқардың жігітпен түскен суреті қызу талқыға түсті

Айя Шалқар сүйіктісімен
Фото: instagram.com/aya_shalkar/

Қазақстандық танымал блогер әрі модель Айя Шалқар тағы да көпшіліктің наразына түсті. Желіде оның жігітпен түскен суреті қызу талқыланып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер әлеуметтік желідегі парқшасында бірқатар суреттер жүктеді. Олардың арасында белгісіз жігітпен түскен романтикалық кадр да бар. Кадрдан Айя Шалқардың лифті ішінде жас жігітпен құшақтасып, серігіне еркелей сүйеніп тұрғанын байқауға болады. 

Сурет желі қолданушыларының назарынан тыс қалмады.

Желі қолданушылары бірден пікір жазып, оны жарыса құттықтай бастады. Көпшілік Айяның жанындағы жігітпен жарасып тұрғанын, оның ерекше нәзік әрі бақытты көрінетінін айтты. 

“Қандай әдемі”, “Өте сүйкімді”, “Жарасып тұр”, – деп жазды желі қолданушылары.

Кейін Threads желісінде Айя Шалқардың сүйіктісі Төреханшүкір Әлиханов есімді жігіт болуы мүмкін деген болжам тарады. Желі қолданушылары оның Ұлыбританияда оқитынын жазып, жұптың жас айырмашылығын да талқылай бастады.

Пікір білдіргендердің бір бөлігі Айяны қолдап, әйелдерге қатысты қос стандарт әлі де бар екенін алға тартты. Ал енді бірі болжамды сүйіктісінің жасына қатысты пікір жазды.

“10 жас айырмашылық па?”, “9-10 жас айырмашылық қалыпты емес пе? Неге қыз өзінен кіші жігітті таңдаса, бірден сынай бастайды? Ал 35-40 жастағы ер адамдар 18-20 жастағы қызбен жүрсе, көпшілік оны қалыпты қабылдайды”, – деп жазды қолданушылар.

Айя Шалқардың өзі әзірге жанындағы жігіттің кім екенін ресми түрде растаған жоқ. 

Балнұр Рахматуллақызы
Сәрсенбі, 27 Мамыр, 2026 21:00