Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Тек шындықты айту керек": Айя Шалқармен айырылысқан Асқар Ілиясов қарым-қатынасқа қатысты ойын бөлісті

Жеке өмірі дауға ұласқан Асқар Ілиясов бұрынғы сүйіктісі Айя Шалқарға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/askar.ilyassov/

Кино жұлдызы сүйіктіңмен жанжалдасу кезінде татуласуға тырысу маңызды екенін атап өтті. 

“Қазір сөйлеуді үйреніп жүрмін. Ойымды анық айтып, диалог құруға ыңғайсыз тақырыптарды көтеруді үйреніп келемін. Біріншіден, қарама-қарсы тұрған адамды естуге тырысу керек. Ең бастысы – осы. "Жұбайымды өмірімде бір рет болса да естіп көрейінші" деу керек. Есту және айту жағынан ол да маңызды, тек шындықты айту керек. Сосын еститін құлақ болуы керек", – деген пікір айтты актер. 



Бұған дейін, "Өткен өмірім үшін кінәлай берді" деп Айя Шалқар жеке өміріне қатысты екіұшты жазба жариялап, бұрынғы сүйіктісі туралы айтқаны ел есінде еді. 

“28 жасқа дейін 11 жыл бойы өз-өзіммен, өміріммен және мансабыммен белсенді айналыстым, екі жоғары білім алдым, бүкіл әлемді шарлап, бес түрлі қалада өмір сүрдім. Бірнеше ай бойы терапиядан өтіп, қарым-қатынас құрдым (құдайға шүкір, бұл қарым-қатынас ұзаққа "бармады"). Себебі қарым-қатынасымда өткен өмірім үшін кінәлап, қандай киім киіп, қандай косметика қолданатынымды сынау арқылы өзіме деген сенімімді төмендетпек болды. Менің гендерлік мәселе, саясат және ғылым жайлы ойларыма күмән тудырмақ болды", – деген болатын актриса. 

Еске салайық, актер Асқар Ілияс та “шектен шығып барады” деп бұрынғы сүйіктісіне ашуланған еді. 

Талқылау