Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

1 сәуірде полицияны алдаған БҚО тұрғыны 6 жылға сотталуы мүмкін

БҚО тұрғыны 1 сәуір күні полицияға жалған ақпарат берді. Ол күйеуінің пойызда кепілге алғанын хабарлады.

no-translate-detected_1149-1116

Бұл туралы “Мой ГОРОД” басылымы жазды.

Арада біраз уақыт өткеннен кейін әйел 102 нөміріне қайта хабарласып, жалған ақпарат бергенін мойындайды. Өзінің бұл әрекетін 1 сәуір – алдау күнімен түсіндіреді.

Полицияны алдап соққан әйелдің кім екені анықталды. Ол 30 жастағы Батыс Қазақстан облысының тұрғыны болып шықты. Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 273 бабы бойынша («Террорлық акт туралы жалған ақпарат тарату») сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекстің бұл бабы бойынша әйел 6 жылға дейін бас бостандығынын айырылуы мүмкін.

Жіберіп алмаңыз:

Азаппен өлтірілген 11 жасар Өркеннің анасы: Қылмыскерлер екі дүниеде де тыныштық таппасын

Шудың екі тұрғыны карта ойнағандары үшін жарты миллион айыппұл төлемек

Терроризмді насихаттап түрмеге отырған алматылық бұрынғы діни ұстаздарымен соттаспақ

Алматы облысында қытайлық кәсіпкер мен Қазақстан азаматтары соттасып жатыр

Талқылау