1 сәуір әзілдері: Дженнифер Лопес Ди Каприоны алдап соқты (видео)
1 сәуір күнін «Алдау күні» ретінде әзілге құмар жандардың асыға күтетіні жасырын емес. Дәл осы күні британдық әзілкеш Джеймс Корденнің «Carpool Karaoke» атты бағдарламасында қонақта болған Дженнифер Лопес жақында ғана Оскар сыйлығын алған Леонардо Ди Каприоны алдап соқты.
Телешоудың жүргізушісі әншінің телефонынан Леонардо Ди Каприоның номерін тауып алып, оған: «Сәлем, балақай. Менің бой жазып қайтқым келіп тұр. Ұсынысың жоқ па? Хабар бер. Джей Ло…», – деп жазып, Лопестің қарсы болғанына қарамастап жолдап жіберген. Сәлден кейін Ди Каприо кешке клубқа барып қайтайық деген ұсыныс жасаған.
Алайда, сәлден кейін олар мұның әзіл екенін айтуға мәжбүр болды. Себебі әншінің кешке басқа жоспарлары болған.
Carpool Karaoke – британдық әзілкеш Джеймс Корденнің танымал шоуы. Онда ол көлікпен жүріп, түрлі танымал жұлдыздармен әңгіме-дүкен құрады.
11 миллион теңгеге дейін: Қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша жұмсайтынын айтты
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Алматы облысында туғанына 5 күн болған сәби көз жұмды: Туыстары дәрігерлерді нәрестені жерге құлатып алды деп айыптады
Толғағы жедел келген әйелді зембілмен емес мүгедектер арбасымен тасыған кезде сәби кенет дүниеге келген