1 адам ауруханаға түсті: Шымкентте көп қабатты үйлердің біріндегі лифт ішіндегі адамдарымен бірге төмен құлдилап кеткен
Шымкенттегі Тұран-2 ықшамауданындағы №40 ғимараттың лифтінде 8 ер адам қамалып қалған. Төтенше оқиға бейнебақылау камерасына түскен. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Лифт кабинасы 9-қабаттан жертөлеге құлдилап кеткен. Қорыққан азаматтар есікті өз күштерімен ашып, сыртқа шығыпты. 1 адам ауруханаға түсті, қалғандары зардап шекпеген.
- Астанада қыздың басына лифтінің темір конструкциясы құлап кеткен
- Ақтауда ер адамның үстіне лифт құлап, оқиға орнында көз жұмды (видео)
Қазір лифт жұмыс істемейі. Мемлекеттік органдардың өкілдерінен құралған комиссия оқиғаға кім кінәлі екенін анықтап жатыр. Белгілі болғандай, лифтке қызмет көрсететін компаниямен тұрғындардың өздері келісімшартқа отырған. Олар бұған дейін де бірнеше рет лифтінің дұрыс жұмыс істемей тұрғанын айтып шағымданған.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан