Елімізде демалыс орындарына көлікпен қатынау мәселесі қалай шешілмек: Көлік министрі жауап берді

Қазақстанда танымал туристік бағыттар бойынша әуе рейстері мен пойыздардағы орын саны көбейтіледі. Мұны Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бектеновтың айтуынша, тұрғындар елдегі танымал туристік орындарға қатынау қиын екенін жиі айтады.
“Халық тарапынан танымал әрі шалғайдағы туристік бағыттарға көлікпен қатынаудың қиын екені туралы шағым түсіп жатыр. Әуе және теміржол билеттерінің тапшылығы мен бағасының қолжетімділігі де алаңдаушылық туғызады. Көлік министрлігі әуе компанияларымен және “Қазақстан темір жолымен” бірлесіп, демалушылар үшін қолайлы бағамен танымал курорттық бағыттарға рейстер және орындар санын арттыру шараларын қабылдасын”, – деді премьер-министр.
Ал Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Қазақстандағы курорттық аймақтарға көлік қатынау мәселесі қалай шешілетінін айтты.
Министрдің сөзінше, елдегі танымал туристік бағыттарға 15 қосымша пойыз бағыты ұйымдастырылатынын айтты. Оның ішінде 10 бағыт Алакөл көлінің жағалауына қатынайды екен.
ОқыңызСонымен қатар қосымша пойыздар Астана-Достық, Алматы-Достық, Семей-Достық, Өскемен-Достық, Қарағанды-Балқаш, Алматы-Семей, Ақтөбе-Астана және Нұрлы жол-Шымкент бағыттары бойынша қатынайды.
“Демалыс орындарына барғысы келетін жолаушыларды тасымалдау үшін қолданыстағы пойыздардың құрамына қосымша вагондар тіркеліп, олардың сыйымдылығы ұлғайтылады. Жаңа пойыздар мен қосымша вагондардың есебінен 400 мыңнан астам туристі қосымша тасымалдауға мүмкіндік туады”, – деді министр.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстандағы жағажайларда дәретхана мен құтқарушылар жетіспейтіні туралы жазған едік.
"Аяғын орындыққа қойып отырады, жарқылмен қайта-қайта видео түсіреді": Қазақстандықтар қоғамдық орындардағы әдепсіздіктер туралы айтты