Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Көп адам біле бермейді": Роза Рымбаеваның келіні алғаш рет енесінің құпиясын айтты

Халық әртісі Роза Рымбаеваның келіні, “Асыл” тобының солисі Ақерке Бүркітбай алғаш рет енесі туралы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Алғашқы” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Бағдарламаның кезекті шығарылымы мегажұлдыз Роза Рымбаеваның өмірі мен өнеріне арналған болатын. Келіні Ақерке ене Розаның қандай екенін айтып берді.

“2018 жылы Али мені үйге ертіп келіп, мамамен таныстырды. Қатты қорқып, қобалжып, айтатын сөзімді ұмытып қалғанмын. Бірақ мені жылы қабылдады. Білмегенімді үйретіп, ақыл-кеңесін айтады. Ол кісі үйде өте керемет аспаз. Қонақ шақырсаң барлығын үйден өзі пісіреді. Ол қасиетін көп адам біле бермейді. Танымал отбасы болғасын көмекшісі бар деп ойлайды. Мүлдем көмекші ұстамаймыз. Мама бәрін өзі үйден жасағанды жақсы көреді”, – дейді қобызшы келіні. 

Айтуынша, соғым әкелу, ет тұздау енесінің мойнында екен.

“Қысқа ет әзірлеу – маманың жұмысы. Отбасымызға және ағайын-туысқа бөліп беретін де анамыз. Қай жерден, қай уақытта, кімнен алатынымызға дейін мама айтып отырады. Қалған тірліктің бәрін өзім атқаруға тырысамын. Ол кісіден үйде де сахнада да да кеңес сұрай беремін”, – деп шынын айтты жұлдыз келін. 

Еске салсақ, соңғы кезде ел аузында халық әртісінің отбасы жиі талқыға түсіп жүр. Ұлы Әли “Құрмет” орденін аламын деп басы дауға қалғанын жазған болатынбыз. 

Кейін анасы Роза Рымбаева баласы үшін қалай уайымдағанын жазған едік.

Бүгінде әртіс келеңсіз оқиғалардан кейін жүйкесі сыр беріп, отбасымен Таиланд еліне демалуға аттанды. 

 

Талқылау