Жүрсін Ерман профессор атанды
Танымал ақын, қазіргі айтыс өнерінің ұйымдастырушысы Жүрсін Ерман профессор атанды. Мұндай атақты оған Алматыдағы Темірбек Жүргенов атындағы өнер академиясы берген, деп жазады Stan.kz ақпарат агенттігі.

Енді ол өнер академиясында "айтыс" мамандығы бойынша дәріс оқымақ.
"Мен кеше Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының профессоры атандым! Енді академияда ашылған Ұлттық өнер факультетінде айтыс мамандығы бойынша дәріс оқитын боламын", - деп қуанышын бөлісті ақын желідегі парақшасында.
Айта кетейік, Жүрсін Ерман 1951 жылы Қарағанды облысының Ұлытау ауданында туған. ҚазМУ-дың (ред. қазіргі ҚазҰУ) журналистика факультетін тәмамдаған.
2026 жылы қазақстандықтар пәтер жөндеуге қанша қаражат жұмсайды
Алғашқы баспанасын қара сылақ күйінде сатып алған 25 жастағы Нұрсұлтан жөндеу жұмыстарына өзі араласқан
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”