Журналист Асхат Ниязов әлеуметтік желілеріне кибершабуыл жасалғанын айтты
Журналист Асхат Ниязов әлеуметтік желідегі парақшаларын бұғаттау үшін өзіне кибершабуыл жасалғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ол әзірге әлеуметтік желілердегі қалған аккаунттар жұмыс істеп жатқанын және техникалық қолдау осы мәселемен айналысып жатқанын атап өтті.
"Менің әлеуметтік желілеріе біртүрлі нәрсе болып жатыр. Менің әйелімнің Instagram аккаунты мен әріптесім Назымгүлдің аккаунты бұғатталды. Түнде менің Telegram-каналыма шабуыл жасалған", – деді Асхат Ниязов.
Сөзінше, парақшаларын жабық қылғанына қарамастан, оған бір күнде 10 мыңнан астам оқырман жазылған.
“Бұл бір жағынан қызықты және қорқынышты. Біз оқиғалардың қалай өрбитінін бақылаймыз”, – деді журналист.
Мақсатым — Олимпиада. Жаңа бапкерлік штаб 1,5 жылда нәтиже береді — Ғұсман Қырғызбаев
Ғұсман Қырғызбаев: Біздің қырғыздарға ешқандай қатысымыз жоқ
Қазақстанда шетелдіктер тұрақты тұру үшін қазақ тілінен тест тапсырады: Бұл талап интеграцияны күшейте ме, әлде көшуге ниеттілерді азайта ма?
Тест онлайн форматта ҚАЗТЕСТ жүйесі арқылы өткізіледі