Жүргізушісіз автобус әйел мен баланы басып кете жаздады: Зардап шеккен балаға миллион теңге төленді
Алматыда жүргізушісіз автобус әйел мен баланы басып кете жаздаған жол-көлік оқиғасы тергелуде. Тасымалдаушы компания зардап шеккен балаға 1 миллион теңге төлеп берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі BNews.kz басылымына сілтеме жасап.

Қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, автобус тиесілі БаТу travel тасымалдаушы компаниясы зардап шеккен баланың медициналық және сауықтыру шығындарын төлеп берген. Миллион теңге төленіп, еміне тағы ақша ақша қажет болса, көлік компаниясы өтеп беруге дайын.
Сонымен қатар тасымалдаушы қызмет көрсету сапасын бұзғаны үшін жазаланғаны хабарланды. Бүгінде тергеу жүргізілуде. Оның нәтижесінде қосымша шаралар қабылданатын болады.
Аталған ЖКО-ға кінәлі азаматты «қара тізімге» енгізеді.
Еске сала кетсек, оқиға 1 шілдеде №122 бағыттағы автобуста орын алған еді. Жүргізуші ЖКО-дан кейін кабинадан шыққан соң автобус жүріп кеткен.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр