Жүкті екенін білмеген әйел ұшақта босанып қалды
Жүктіліктің соңғы айларында екенін білмеген америкалық әйел күтпеген жерден бала босанды. Ол жүктілікті семірумен шатастырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Әйел ұшақ бортында босанды. Толғақ кенеттен басталған, әйелдің бақытына орай, ұшақтың бортында дәрігерлер болған. Олар әйелге өте қысқа мерзімде босануға көмектескен. Үш сағаттан соң нәресте өмірге келген. Оны жолаушылардың бәрі қол шапалақтап қарсы алды.
Босану кезінде ұшақтың бортында болған бірнеше медбике мен дәрігер көмектесті. Бала мерзімінен үш ай бұрын дүниеге келгеніне қарамастан, жағдайы алаңдаушылық туғызбайды.
"Біз 26-27 аптадағы баланы ұшақтың дәретханасына, мұхиттың ортасында, үш реанимация медбикесі, дәрігердің көмекшісі және отбасылық медицина дәрігерімен алып бардық, үш сағатта жасай алдық, бала мен ана өте жақсы жұмыс жасады. Құдай бізбен бірге болды", - деді босану кезінде көмек көрсеткен әйел.
Бірнеше сағаттан кейін ұшақ әуежайға тоқтап, әйел ауруханаға жеткізілген.
"Сөздің ең жақсы мағынасында таң қалдым", - деді жас ана.
Ал баланың әкесі әлемдегі ең жақсы ата-ана болуға уәде берді.