Жомарт басшы қызметкерлеріне 50 мың доллар көлемінде сыйақы табыстады
АҚШ-тың Балтимор қаласында құрылыс компаниясының басшысы Эдвард Сент-Джон өзінің қызметкерлеріне арнап естен кетпес кеш ұйымдастырыпты. Өзінің ел алдына шыққан құттықтау сөзінде ұйым басшысы қызметкерлерге сыйақы ретінде 10 миллион доллар көлемінде тағайындағанын айтқан, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Мекемеде басқаларынан көбірек жұмыс істеген адам сәйкесінше басқа қызметкерге қарағанда жоғары сыйақыға қол жеткізіпті. Орташа есеппен олардың әрбірі 50 мың долларға ие болыпты.
Сыйақы олардың айлық жалақысымен бірге жылдың соңында берілген.
Күтпеген жерден үлкен ақшаны иеленген қызметкерлердің бірі қуаныштан жылап та, айқайлап та жіберіпті.
Сент-Джонстың айтуынша, ол бұл ісі арқылы қол астындағы қызметкерлеріне ұйымның жеткен жетістіктері үшін алғысын білдіргісі келген.
"Екеуі екі-үш күн қатарынан жанжалдасып, соңы осындай болды": Шымкентте 21 жастағы қыздың өліміне қатысты көршілері көргендерін айтты
Динара Тілеубердиева: "Беті, қолы, арқасы, ішінің бәрі қатты жарақат алған"
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті
Исмаиль: “Бір бұқаның құны 900 мың теңге"