Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жыныстық алымсақтық жасап, пышақ сұққан: Астанада ер адам екі қызға шабуыл жасады

Астанада ер адам көңіл көтеру орнында екі құрбыға алымсақтық жасап, біреуінің қолын пышақпен жарақаттады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

астана пышақтау

Жәбірленушілердің бірі мұны әлеуметтік желіде оқиғаны баяндады.

Айтуынша, ер адам Астанадағы тіс емханалардың бірінде балалар тіс дәрігері болып жұмыс істейді.

18 ақпан күні олар барда көңіл көтерген. Сол кезде қыздардың бірі ер адаммен танысып, онымен бір салада қызмет ететінін білді. Кейін құрбысын да онымен таныстырған.

“Құрбым әжетханаға бара жатқанда, қаскөй соңынан еріп, оған жыныстық алымсақтық жасады. Ол қорғану үшін ер адамды итеріп жіберді, нәтижесінде жігіттің көзілдірігі сынды. Құрбым мұны айтқан бойда мен такси шақырдым”, – деп жазады астаналық қыз.

Құрбылардың айтуынша, сыртта такси күтіп тұрған кезде ер адам олардың соңынан келіп қорқытқан.

“А. есімді ер адам күрек сияқты қарумен келді де, бізді бопсалады. “Сендерді ешкім таба алмайтындай көміп тастаймын” деді”, – дейді жәбірленуші.

Күректің басын бұраған кезде онда пышақ бар екені анықталды. Ер адам айқайлап, қыздарға шабуылдаған. Пышақпен қолын жарақаттап үлгерді.

“Мен жерге құлап, көмекке шақырдым. Такси қызметкері соны байқап, оны итеріп, бізді құтқарып қалды”, – деп түсіндіреді ол.

Қыздар травматикалық пунктке аттанды да, содан соң полицияға барған. Байқоңыр бөлімшесінің ІІО-да бес сағаттай уақыт өткізді.

“Полиция қызметкерлері бізді кінәлі етіп көрсетуге тырысты. “Көзілдірігін сындырып, ашуына тидіңдер” деп айтты. Тіпті “құрбың өзі ер адамды еліктірмеді ме?” деп те сұрады. Мәселені тыныш жапқысы келіп, А.-ны біз отырған жерге алып келді”, – дейді жәбірленуші.

Астаналық бойжеткенге “Сол жақ қолдың үстірт кесілген жарасы” диагнозы қойылды. 

Олардың айтуы бойынша, күдікті полицейлердің көзінше қыздарды тілдеуін қоймай, олардың жеке басына қатысты сөздер айтқан. Ал қызметкерлер ер адамға “Ұсақ бұзақылық” бойынша хаттама толтырылатынын түсіндірді.

Астана полиция басқармасы оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

"Байқоңыр" аудандық полиция басқармасының қызметкерлері дене жарақатын салу фактісі бойынша 30 жастағы құқықбұзушыны анықтады. Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері бойынша іс жүргізу шешімі қабылданады”, – деп мәлімдеді Астана қалалық ДП баспасөз хатшысы.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 21 Ақпан, 2023 09:27
Талқылау