Жылқының көзін байлап, баспалдақтан түсірмек болған: Шымкент тұрғыны жауапқа тартылды
Шымкентте сүдет тойда жылқыға қатыгездік көрсеткен тұрғын жауапқа тартылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қалалық полиция басқармасының қызметкерлері әлеуметтік желіде тараған жылқыға қатыгездік танытқан бернеше ер адамды анықтады. Олар жануардың көзін байлап, баспалдақтан түсірмек болған. Құлап кете жаздаға жануарға иесі қатыгездік көрсетіпті.
"Бұл дерек 8 қазан күні Абай ауданындағы мейрамханалардың бірінде "Сүндет той" кезінде орын алып, жылқының иесіне қатысты полицейлер ҚР ӘҚБтК-нің 407-1 "Жануарларға қатыгездік” бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырды", – деп хабарлады полиция.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды