Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жезқазғанда жалақыларын көтеруді талап еткен жұмысшылар ереуілге шықты (видео)

Жезқазғанда "Жылу және сумен жабдықтау кәсіпорны" АҚ жұмысшылары ереуілге шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото видеодан алынған

Кәсіпорын қызметкерлері жалақыларын көтеруді талап етіп отыр. Ереуілдің видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. 

Кәсіпорын ғимаратының алдындағы жұмысшылардың ереуілі екінші күн қатарынан жалғасуда. Қызметкерлердің айтуынша, оларға екі айдан астам уақыт бойы әлеуметтік төлемдер мен зейнетақы жарналары төленбеген, бұл өз кезегінде жұмысшылардың несие алу және дәрігерге бару секілді жағдайларда қиындық туындатып отыр.


West Oil Software Маңғыстау облысындағы ереуілге байланысты 50 қызметкерді жұмыстан шығаратынын мәлімдеді


"Қыркүйек айына дейін әкім жалақы көтеріледі, жұмыс жағдайы өзгереді деп уәде берді, бірақ ештеңе өзгерген жоқ", – дейді жұмысшылар.

Жұмысшылармен кездесуге Жезқазған қаласының әкімі Қайрат Шайжановтың өзі де келген, алайда бір шешімге келу мүмкін болмаған.

Еске салсақ, бұған дейін Маңғыстау облысында Қаламқас кен орнының жұмысшылары жалақыны көтеруді талап етіп, ереуілге шыққаны туралы жазған едік. 

Талқылау