Жетісу облысында денсаулық сақтау саласындағы шенеунік жемқорлық жасады деп айыпталды
Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінде Жетісу облысы бойынша департаментінің басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

31 тамызда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің аймақтық бөлімшесі заңсыз әрекетті анықтады. Шенеунік медициналық қызмет көрсетуге лицензия бергені үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алып отырған.
"Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Департамент басшысы мен пара берушілерге қатысты қорытынды шешімді сот қабылдайды", – деп хабарлады Антикор.
Екі күн бұрын сол Жетісу облысында сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікпен тағы бір шенеунік ұсталды.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр