Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балиева ОҚО-да “сексуалды зорлыққа” ұшыраған 7 жасар баланың жағдайы туралы айтты

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева Оңтүстік Қазақстан облысында жоғары сынып оқушылары зорлады деген жеті жасар баламен кездесті. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Тергеуші баланың құқықтары мен оның қорғалуын қамтамасыз ету туралы шешім қабылдады. Мен бұл шешіммен танысып шықтым. Оған сәйкес қәзір балаға қандай да бір сұрақтар қоя алмаймын. Жеті жасар оқушы  зорлық туралы сұрақтарға жауап бермеуі керек. Менің міндетім баланың қауіпсіздігіне көз жеткізу. Оның жанында жақындары бар, сондықтан оқушыны жан-жақты сараптауға дайындау керек. Баланың құқықтарын қорғау туралы шешім қабылданып, оны жүзеге асыру керек », – деді З.Балиева.

Уәкіл жоғарғы сынып оқушыларын зәбір көрді деген баланың қазіргі жағдайы туралы да айта кетті.

«Бала қазір психологтың қабылдауында. Оның көңіл-күйі жақсы.Енді психолог баланы қашан сараптамаға жіберуге болатынын айтады. Менің ойымша, оған тағы бір-екі күн қажет. Егер бұл (зорлық-зомбылық) шынымен де болса,  сарапшылар оны анықтайды », – деп түсіндірді бала құқықтары жөніндегі уәкіл Зағипа Балиева.

Айта кетейік, жеті жасар баланың анасы лматы қаласында жұмыс істеп жүргені белгілі болды. Балиева осы уақытқа дейін оқушының анасын ұзақ іздегенін айтты.

«Баланың анасын әрең таптық. Ол Алматыда жұмыс істеп жүргендіктен, бала әжесі мен апайының қарамағында. Енді біз бұл отбасын толық қорғауға аламыз. Біз оларға отбасы мүшелері жұмысқа орналаса алатын бағдарлама ұсынамыз. Сондай-ақ, оларды тұрғын үймен қамтамасыз етіп, баланы басқа мектепке ауыстырамыз. Қазір зорлық көрді деген оқушының отбасын көшіру мәселесін қарастырып жатырмыз. Олар да баланың болашағы үшін осы шешімді құптап отыр», – деді балалар қорғаушысы.

Жіберіп алмаңыз:

7 жасар баланың ресми өкілі: Әжейді немересімен полицияға күштеп жеткізіп, түсінбейтін құжатқа қол қойғызды

Бишімбаевтың әйелі: Күйеуімді он жылға соттайды деп ойлаған жоқпын

ОҚО полициясы әжей мен немересін пойыздан алып қалу себебін түсіндірді

Жаяу жүргіншіні қағып,көлігімен қоса өзенге лақтырып кеткен павлодарлық сотталды

Талқылау