7 айдан бері ауруханада: Алматылық дәрігерлер есін жоғалтқан науқастың туыстарын іздеуде
Алматыда қалалық №4 клиникалық аурухананың дәрігерлері емдеу мекемесінде 7 айдан бері жатқан пациенттің туыстарын табуға көмек сұрайды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі медициналық ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, ұлты еуропалық, шамамен 50 жастағы әйел 2019 жылдың ақпан айында қалалық №4 клиникалық аурухананың инсульт орталығына «Ишемиялық инсульт» диагнозымен түскен.
Ведомстводағылардың сөзінше, әйел ауруханаға түскен кезде жағдайы орташа ауыр болған.
«Клиникадағы дәрігерлер тиісті медициналық көмек көрсетті. Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда», - дейді ауруханадағылар.
Бүгінде әйел стационарлық емге мұқтаж емес. Алайда дәрігерлер оны ауруханадан шығара алмай отыр. Сондықтан әйелдің туыстарын табу үшін көмек сұрайды.
«Сонымен қатар пациентті Алматы қалалық әлеуметтік бейімдеу орталығына ауыстыру да мүмкін болмай отыр. Себебі тұлғасын куәландыратын құжаттары жоқ», - дейді ведомстводағылар.
"6 миллион теңгеге дейін табыс табуға болады": Ауылда мал бағып жүріп, ағылшын үйренген 16 жастағы қазақстандық жұртты тәнті етті
Исмаиль: “Бір бұқаның құны 900 мың теңге"
Шымбұлақтан да үлкен жаңа Көкжайлау тау шаңғысы курорты салынады: Жоба алматылықтар үшін не береді
Дәл осы жобада жеке виллалардың салынбайтыны нормативтік құжатпен нақты бекітілуі қажет дейді Ержан Еркінбаев