"Жер мен оның қойнауы халыққа тиесілі": Олжас Сүлейменов жаңа партия құратынын айтты
Олжас Сүлейменов Алматы қаласында баспасөз мәслихатын өткізіп, жаңа партия құратынын мәлімдеді. Партия "Қазақстан халық конгресі" деп аталады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Олжас Сүлейменов баспасөз өкілдерімен кездесу барысында жер және оның қойнауы халыққа тиесілі болуы керек екенін айтты. Сонымен қатар әрбір қазақстандыққа ұлттық ресурстардан кепілдендірілген табыс түсуі қажет.
"30 жыл бұрын халық конгресі айтқан сөзді, яғни жер және оның қойнауы халыққа тиесілі болуы керек екенін кеше Қасым-Жомарт Тоқаев қайталады", – дейді Олжас Сүлейменов.
Сондай-ақ ақын партия құратыны туралы хабарландыруға қол қойып, тиісті органға жолдағанын айтады.
"7 жыл тозақта өмір сүрдім": Жақындарынан зорлық көрген қазақстандық қыздар неге үнсіз қалғандарын айтты
Дина Таңсәрі: "Статистикаға сенсек, істердің шамамен 50%-ы сотқа жетпей жабылады"
Аутист қызметкер Burger King-тегі жанжалдан соң қызметінен кетті: Анасы оның қысым мен буллингке ұшырағанын айтты
Отбасы бірнеше ай бойы Әлібектің эмоционалдық және психикалық жағдайын қалпына келтіруге тырысқан