Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңісін тойлауда: Бәсекелестері Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады

ҚР президенттігіне кезектен тыс сайлау қорытындысы шықты. Кандидаттар басым дауыс жинаған Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтап жатыр.

tokaev

Фото: Informburo.kz

Тоқаев exit poll мәліметінше, 70,13% дауыс жинады

"Бізде ешқандай кедергі болған жоқ. Үгіт жүргізуге ешқандай кедергі болмады. 12 өңірді араладым. Менің жақтастарым барлық өңірде бар. Көп дастар таптым. Мені қолдаған адамдармен таныстым. Кездесу барысында танысып, сөйлестік". - деді перзиденттікке үміткер Амангелді Таспихов.

Таспихов Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтады.

"Халық өз таңдауын жасады. Еxit рoll мәліметінше, Тоқаев көп дауыс жинап отыр. Кандидаттардың бірі ретінде, шын жүректен жеңісімен құттықтаймын. Сайлау әділ өтті. Халық белсенділік танытты. Бұл үлкен жетістік", - деді "Ұлы дала қырандары" республикалық қоғамдық бірлестігі атынан үміткер Сәдібек Түгел.

"Ауыл" партиясының өкілі Төлеутай Рахымбеков exit poll мәліметіне қарап қорытынды шығармау керек екенін айтты.

Төлеутай Рахымбеков Тоқаевты сайлаудағы жеңісімен құттықтап. табыс тіледі. 

"Қолдаушыларыма, жақтастарыма алғыс айтамын. Біздің бағытымыз ауылды мекендерді көркейтуге арналған. Алдағы парламент сайлауына атсалысамыз", - деді Рахымбеков. 

"Еxit poll мен ОСК нәтижесі әдетте бірдей болады. Сондықтан Тоқаев жеңді деуге болады. Мен оған көңілімді түсірмеймін. Жеңіске де, жеңіліске де дайын болу керек. Егер біз өз мақсатымызға жете алмасақ, сайлау алдында дұрыс жұмыс атқармадық деген сөз. Оны болашақта түзейміз", - деді Ұлттық коммунистік партия атынан үміткер Жамбыл Ахметбеков. 

Тоқаев Exit poll нәтижесінен кейін алғаш рет пікір білдірді.

Талқылау