Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жеңіс Сейдоллаұлы «Қазақконцерт» директоры болып тағайындалды

Жеңіс Сейдоллаұлы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры болып тағайындалды.

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Жеңіс Сейдоллаұлы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, өнертану ғылымдарының магистрі, эстрадалық вокал мамандығы бойынша республикалық поп-арт-студиясының түлегі, сондай-ақ Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының эстрадалық өнер мамандығынын тәмамдаған.

Жеңіс Сейдоллаұлы Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының «Арқас» ансамблінің аспапшысы, «Гүлдер» мемлекеттік ансамблінің басты дирижері болды.

Сондай-ақ, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясының солисті, «Отан» республикалық саяси партиясының орталық аппаратының идеология бөлімі бастығының орынбасары, «Гүлдер» ансамблінің директоры, Алматыдағы «Қазақ Әуендері» АҚ аймақтық директоры міндетін атқарды.

Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының шығармашылық және сыртқы байланыстар жөніндегі проректоры, сонымен қатар, Елебеков атындағы республикалық цирк колледжінің директоры болып қызмет жасады.

Ал 2016 жылдан бастап Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының директоры болды.

Айта кетейік, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымы 1960 жылы Алматы қаласында құрылған Қазақстанның ірі музыкалық ұйымдарының бірі.

Жіберіп алмаңыз:

Қырғыз парламенті Қазақстанда ұсталған депутаттың ісіне араласпайтынын мәлімдеді

Қырғызстан Қазақстанда ұсталған қырғызстандық депутатқа байланысты мәлімдеме жасады

Отандық жұлдыздар балаларын халыққа көрсетуден қорқып жүр

Бибігүл Төлегенова: Екінші күйеуім қол көтеріп, қызым екеумізді ауруханадан бір-ақ шығарды

Талқылау