Желіде ер адамның әйелді аяусыз ұрып-соққан видеосы таралды: Күдікті ұсталған
Маңғыстау облыстық полиция департаменті лифтіде әйелді ұрған күдікті ұсталғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды

Оқиға 27 сәуірде болған. Видеодан ер адамның лифттен шығып бара жатқанда әйелді жұдырықтап, аяусыз тепкінің астына алғанын көруге болады.
“Ер адам отбасындағы жанжал үшін жауапқа тартылды. Шешім қабылдау үшін материал сотқа жіберілді", - деп хабарлады полиция өкілі.
Сонымен бірге мұндай құқық бұзушылықтар үшін 5 тәулікке дейін қамауға алу шарасы қарастырылғаны белгілі болды.
Бұған дейін Қарағандыда ер адам кәмелетке толмаған балаларының көзінше бұрынғы әйелін өлтірді деген күдікке ілінген болатын.
Еміне 1,5 миллиард теңге қажет: Қазақстандық 7 жасар баланың бұлшықеттері әлсізденіп, жүруі қиындаған
Дәрігерлер қателесіп, 4 ай бойы баланы бауыр фиброзынан емдеген
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"