Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған Түркия азаматына қатысты іс сұйылып барады

Істі тергеп жатқан құзырлы орган өкілдері іспен толқы танысуға мүмкіндік бермеуде. Бұл туралы Алматы қаласында соққыға түскен жедел жәрдем көлігінің жүргізушісінің қорғаушысы мәлімдеді, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпараттық агенттігі.

Жедел жәрдем жүргізушісін ұрған Түркия азаматына қатысты іс сұйылып барады

Қорғаушының айтуынша, тергеуші тіпті істің көшірмесін жасап алуға мұрсат бермеген, себебін ондай құқық жоқ деген сылтаумен түсіндірген.

«Біз іспен таныс болу үшін келгенбіз. Алайда қарсы алған тергеуші біздің ұялы телефонсыз кіруімізді қадағалап, іспен танысып болған соң, оның көшірмесін алуға құқықтарың жоқ деді. Бұл ісімен ол қылмыстық процесуалдық кодекстің 295-ші бабын бұзып отыр.  Бізде өтініш хат болған, бірақ оны да қабыл алмай, заңды тұрғыда рұқсат етілмейтінін айтты», – дейді қорғаушы Андрей Диденко.

Сонымен қатар, зардап шегушінің стационарлық және амбулаториялық ем-дом алғаны бойынша қосымша сараптама жүргізуден бас тартты. Ал қорғаушының мәліментінше, оқиға орын алған күні амбулаториялық емдеуге жіберілген Николай Кучма ертеңінде ауруханаға түскен.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау