"Жауын-шашын тоқтайды": Синоптиктер еліміз бойынша алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады
Қазгидромет еліміз бойынша 23-25 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады. Қазақстанның басым бөлігінде жауын шашынсыз ауа райы болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Рixabay.com
Синоптиктер Қазақстан аумағының басым бөлігінде Сібір антициклоны ықпал ететітінін жеткізді. Сол себептен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен жауын-шашын (жаңбыр, қар), желдің күшеюі көктайғақ болжанған. Республика бойынша түнде және таңертең тұман болады.
Қазақстанның солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасы түнде 10-18 градусқа дейін аяз, еліміздің қиыр шығысында 23 градусқа дейін аяз болады.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды