"Жауын-шашын болып, қарға ұласады, боран соғады": Қазақстанда күн күрт суытады
"Қазгидромет" РМК 22-24 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстан аумағына Скандинавия аудандарынан келген циклон әсер етеді, ол өзімен бірге ылғалды және суық ауа массаларын әкеледі.
"Онымен бірге жауын-шашын жауады, қарға ұласады, оңтүстік-Шығыс пен шығыста қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, желдің күшеюі байқалады. Шығыста таулы және тау бөктеріндегі аудандарда, апта соңына қарай боран соғады. Түнгі уақытта еліміздің солтүстігі мен орталығында аяз 5-13 градусқа дейін, ал оңтүстік өңірлерде 3 градусқа дейін төмендейді, - деп хабарлады ведомствода.
"Дипломынан айырылғалы отыр": Алматыда әскерге күштеп әкеткен студенттің анасы президенттен араша сұрады
Жанаттың айтуынша, ұлы Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің күндізгі бөлімде мемлекеттік грант негізінде білім алып жүрген
Мамандар шәйнектегі қақ пен су сапасының байланысын түсіндірді: Шөгінділерге алаңдамауға кеңес берілді
Тау өзендерінен алынған су тұтынушыларға жеткізілгенге дейін 10-15 сағат тазартудан өтеді