Жатақхана тапшылығы: Алматыдағы 59 хостелге студенттер орналастырылмақ
Жатақханада орын жетпей қалған университет студенттері шағын қонақ үйлерде тұратын болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: vengi.ru
Ғылым және жоғары білім министрлігі осындай шешім қабылданғанын мәлімдеді.
Бұл туралы министр Саясат Нұрбек өзінің Telegram-арнасында хабарлады. Осылайша, министрлік жатақханадағы орын тапшылығы мәселесін шешуді жоспарлап отыр.
Алматыда университет студенттерінің жатақханасының жетіспеушілігін жеке жатақханалар есебінен шешеміз. Алматы қаласының жоғары оқу орындары 60-қа жуық шағын қонақ үй иелерімен келісім-шартқа отырды. Кәсіпкерлер ұсынысты ықыласпен қабылдады, - деп жазды министр.
Әр студентті орналастыру үшін жатақхана иелеріне айына 30-дан 50 мың теңгеге дейін төленеді. Жалпы, студенттерді қонақүйлерге орналастыру арқылы олар республика бойынша жатақханадағы 20 мың орын тапшылығының орнын толтыруды көздеп отыр.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр