Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Жасыратын ештеңе жоқ»: Әлішер Кәрімов Кореяда пластикалық ота жасатқанын мойындады

Әнші Әлішер Кәрімов дәрігерлердің көмегіне жүгінгендігін жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Oybay Show-ға" сілтеме жасап.

Бір ай бұрын Оңтүстік Кореяда омыртқасына он бір сағаттық күрделі ота жасатқан әнші бұдан бөлек пластикалық хирургияның көмегіне жүгінгенін жасырмады. Кәрімов көз пішінін өзгертіп, ән салуына кедергі келтірген, қисайып кеткен мұрын шеміршегін дұрыстатқан. 

"Осы жылдың басында блефаропластика жасаттым. Кейбіреулер жасатқанымен мойындамай қояды. Жасыратыны жоқ, өзгерістер көзге көрініп тұрады ғой, айту керек деп ойлаймын. Сондықтан жасатқанымды жасырмай Instagram-ға жаздым", - деді әнші. 

Өнер иесі косметологтардың қызметін 28 жасынан бастап пайдаланады екен.

"Көздің өзіне бес мың доллар кетті. Омыртқама жасатқанда екі үлкен пәтер алатындай ақша кетті. Бұл менің денсаулығым үшін өте маңызды қадам болған соң, шығын жағын қатты ойламадым", - деді Кәрімов. 

Талқылау