Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Жарнамадан 7 миллион теңге табамын": Ырысбала Икрамбай табысты болуының құпиясын ашты

Танымал блогер Ырысбала Икрамбай зардап шеккендерге көмек беретінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/irisbala__ikrambai_official/

Блогердің айтуынша, Атырау жұртына қаражатты өзінің қалтасынан берген көрінеді. 

“Бір кісідей табыс тауып жатырмыз. Халықтың арқасында танымал болып, блогерлікпен айналыстым. Жобалар жасағанда халық қолдап, игі істердің бас-қасында жүрдік. Соның қайтарымы болсын деп, осы жолы ешқандай сбор ашпадық. Тұрғындарға қажет дүниелердің бәрін отбасылық бюджеттен шығардық. Бұл іс-әрекетім – азаматтық көмегім. Ел басына күн туғанда қарап қалмайын деп, іске кірістік”, – деді блогер. 



Сонымен қатар блогер жарнама жасап табыс табатынын жасырмады. Алайда жарнама берушіні әбден тексеретінін айтты. 

“Көп блогер табысын жарнамадан табады. Мен де солардың қатарында бармын. 100 пайыз шындық. Бірақ ақша үшін, қарапайым халықты алдаған емеспін. Кейбір беті қалыңдар сияқты онлайн ақшаны, сенімсіз компанияны жарнамалаған жоқпын. Бір кездері маған Алматы қаласынан тегін жер мен үй де беретін болған. Бір компания айына 10 миллион теңге береміз деп амбассадор болуға ұсыныс айтқан. Өзім сенімсіз болғасын бас тарттым. Маған сенген халықты адастырғым келмеді. Осы жолы судан зардап шеккен Құлсары қаласына бір айлық жарнамадан түскен 7 миллион теңгемді аудардым. Жолдасым бас-қасында болып, халыққа таратып жүр”, – деді желі жұлдызы. 

Айта кетейік, Атырау облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланғаны туралы жазған едік. 

Талқылау