Жаркентте кәсіпкерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды
Жетісу облысында кәсіпкерден ақша бопсалаған қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі

Күдіктілер жергілікті кәсіпкерден 15 мың юань беруді талап еткен. Операцияға ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері мен арнайы жасақ сарбаздары қатысты.
"Топ үш ер адамнан құралған. Біреуі – Алматы қаласының тұрғыны, екіншісі – Алматы облысының, үшіншісі – Жетісу өңірінің тұрғыны. Олар жәбірленушіден ақша аударып жатқан кезде ұсталды. Олардың біреуінен 9 мм калибрлі 13 патроны бар тапанша тәркіленді", – деді облыстық полиция департаменті ПБББ бастығы Сарқытбай Құсайынов.
Іс бойынша тергеу ҚР ҚК 194-бабына сәйкес жүргізіледі. Ұсталғандар уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Қызымның арманы еді": Қазақстандық аналар баласын шетелге жіберуге рұқсат етпейтін әкелерге шағымданды
Әйел: "Талантты қызым конкурсынан қалды"
"Дәрігердің өзі қатерлі ісікпен 8 жыл жүрген": Маммолог сүт безі обырының алғашқы белгілері мен ерекше оқиғаларды айтып берді
Сүт безіндегі ауырмайтын түйін де қауіпті болуы мүмкін